RUSSIAN FILM FESTIVAL
Мейірімділік
Ірі компанияның қаржы директоры Подберезкина Елена Ивановна Санкт-Петербургке сапары кезінде күтпеген жерден өзінің арманындағы адамды кездестіріп, күтпеген жерден оны жоғалтады. Енді іздеуді басынан бастау керек болады, бұл тұста: дедукция, эзотерика, достардың көмегі, жаңа еркекпен танысу, ізденіс және тағы да басқа әдістерді қолдануға тура келеді. Бұл туынды режиссер Анна Меликянның 2018 жылғы сенсациялық қысқа метражды фильмнің жалғасы. Басты рөлдерде Виктория Исакова мен Евгений Цыганов.

Ерте жастан бастап Елена Ивановна «түзу өмір жолымен жүрді». Романтика мен қарым-қатынасқа көңіл аудармай, карьераға аса мән берді. Кездейсоқ, ерекше әрі бақытты кездесуге дейін өмірі солай болатын. Жаңа эпизодтарда Елена Ивановна барлық қолжетімді және қолжетімсіз әдістерді қолдана отырып, жоғалған адамын іздеуді қайта бастайды. Ол шалыс басып, қателесіп, бар болмысымен махаббат пен нәзіктікті іздейді. Осы қиын жолда ізденісін тоқтатпай, ең бастысы, ол өзін табады.

Анны Меликянның «Мейірімділік» лирикалық хикаясын тек IVI-де онлайн көріңіздер!
Produced: 2020 Genre: comedy, drama Duration: 15 min, 11 episodes Director: Anna Melikian Main cast: Viktoria Isakova,Konstantin Khabensky, Yevgeny Tsyganov Producers: Olga Danova
<
BACK TO PROGRAM