RUSSIAN FILM FESTIVAL
Супермяу
Таңғажайып күштері бар бес батыл марғау супербатырлар мектебіне түседі. Олар әлі өз таланттарын ашып, нағыз команда болулары керек. Бірақ, бұл кезде суперзұлымдар академиясының директоры оларды өз жағына тартуды жоспарлайды. Бұл сүйкімді мамықты кейіпкерлері бар, шытырман оқиғалы мультхикая. Оның авторы осы туындымен аттас кітап сериясын жасаушы, продюсер Олег Рой.

Таңғажайып күш иесі болу аздық етеді, оны пайдалана алу да керек. Супербатырлар мектебінің жаңа оқушылары, бес түрлі, бес ерекше марғау бұған нық сенімді. Жаңадан келгендердің әрқайсысы таңғажайып қабілеттерге ие. Арыстан Али қаһарлы дауысымен қабырғаны сындыруы мүмкін. Пантера Нил кез-келген темір затты өзіне тарта алады. Мимикрия – бұл Бао жолбарыстың қабілеті, қажет болған жағдайда кез-келген декормен үйлесіп кетеді. Гурман-барыс Вася өз пішімін өзгерте алады. Ал олардың командасындағы ең кенжесі Соня уақытты қалай тоқтатуды біледі. Таланттары керемет, иә? Енді оларды бірге елестетіп көріңіз!

Қамқор тәлімгерлердің басшылығымен марғаулар сыртқы айырмашылықтарға қарамастан өз қабілеттерін жақсы істерге жұмсауға және бірлесіп істеуге үйренеді. Өйткені, достықтан асқан үлкен күш жоқ. Олардың басты қарсыласы – суперзұлымдар академиясын басқаратын техникалық данышпан Арнольд та оларға қарсылас бола алмайды.

Көңілді және сүйкімді мамықты келген командаға қосылыңыз және «Супермяу» онлайн-фантастикалық мультхикаясын көріңіз.
Produced: 2021 Genre: Animation Duration: 1 episode - 7 min. Director: Tatiana Moshkova Producers: Oleg Roy, Daria Davydova
<
BACK TO PROGRAM