RUSSIAN FILM FESTIVAL
Қазақстан
Russian Film Festival Қазақстанда екінші жыл қатарынан өткізілуде. Биыл ол IVI онлайн-кинотеатры платформасында трансляцияланады. 11-ші шілде мен 1-ші тамыз аралығында қазақстандық көрермендер алты ресейлік картинаны, соның ішінде қызықты спорттық драмалар мен комедияларды, бірегей сериалдар мен мультфильмдерді тегін тамашалай алады.

Russian Film Festival Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің қолдауымен РОСКИНО-ның бастамасымен 2020 жылдан бері әлемді шарлап ұйымдастырылып келеді. Russian Film Festival қазақстандық көрермендерге Ресей киносының кейіпкерлерімен жаңа кездесулерді, қызықты оқиғалар мен жарқын эмоцияларды сыйлауға уәде етеді.