23–26 сәуір аралығында қазақстандық киоәуесқойлар жеті көрнекті ресейлік фильмді тамашалай алады. Көрсетілімдер Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндері аясында өтеді.
2020 жылы Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің қолдауымен «РОСКИНО» компаниясы іске қосқан Ресей кинофестивалі әлем бойынша саяхатын жалғастыруда. Бағдарламада соңғы жылдардың үздік ресейлік фильмдері ұсынылған.
Қазақстандағы Ресей кинофестивалі көрермендерге ресейлік кино кейіпкерлерімен жаңа кездесулер, қызықты оқиғалар мен жарқын эмоциялар уәде етеді.